Қазақша өлең: Олжас Отар (Үшқоңырдан қыран боп ұшқан ұлан!)

Қазақша өлең: Олжас Отар (Үшқоңырдан қыран боп ұшқан ұлан!)

Ойына ақыл, бойына күш дарыған,
Тектілігін аңғартып ұстамынан.
Туған ұлтын жинады ту астына,
Үшқоңырдан қыран боп ұшқан ұлан.

Абылайдың жеткізіп арманына,
Куә қылып бақыттың таңдарына.
Даласынан Арқаның Астана сап,
Ел қондырды Есілдің аңғарына.

Заты лайық өзінің есіміне,
Халық ырза айтқан әр шешіміне.
Енді міне тәуелсіз Қазақстан,
Берекенің айналды бесігіне.

Көшіп бүгін көңілден шертілер мұң,
Көз алмайды даламның көркінен Күн.
Жасай берсін жайнатқан Отанымды,
Тұңғыш президенті еркін елдің!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Олжас Отар Үшқоңырдан қыран боп ұшқан ұлан өлең олен Олжас Отар стихи на казахском, Олжас Отар өлеңдері, стихи на казахском языке, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]