Қазақша өлең: Олжас Отар (Шыда жүрек!)
Арманға асығасың.
Тасынасың, басыласың.
Әр адамның жайы осылай,
Кімнен нені жасырасың.
Қайырмасы
Өмір, өмір, өмір деген.
Кімге бақыт, кімге қайғы.
Кейде гүлдеп көңіл деген.
Кейде ойыңды мұң қамайды.
Жылағанның соған бола.
Қабағына кім қарайды.
Жігері мол адам ғана.
Көре алады күнді арайлы.
Бұл өмірдің сынағы көп.
Шыда бірақ, шыда жүрек.
Ертеңіңнен күдер үзбе,
Жаным бүгін жылады деп.
Тасынасың, басыласың.
Әр адамның жайы осылай,
Кімнен нені жасырасың.
Қайырмасы
Өмір, өмір, өмір деген.
Кімге бақыт, кімге қайғы.
Кейде гүлдеп көңіл деген.
Кейде ойыңды мұң қамайды.
Жылағанның соған бола.
Қабағына кім қарайды.
Жігері мол адам ғана.
Көре алады күнді арайлы.
Бұл өмірдің сынағы көп.
Шыда бірақ, шыда жүрек.
Ертеңіңнен күдер үзбе,
Жаным бүгін жылады деп.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: