Қазақша өлең: Ербол Бейілхан (Күзбенен қоштасу)

Қазақша өлең: Ербол Бейілхан (Күзбенен қоштасу)

Қара суға қаймақ түсті, қараша ауыл қи жақты,
Боз қырауға, бозайғырдай аунап түсіп қыр жатты.
Қайтқан қаздың қаңқылынан келе-келе бұлт үркіп,
Қоңыр аңды жота-жонды аппақ ұлпа қар жапты.

Аппақ қарға, аппақ болып салар ертең құр ойнақ,
Жолаушыны жүргізбейді пыр-пыр ұшып шіл ойнап!..
Күп-күрең боп, алма-кезек күреседі күз бен қыс,
Тәкаппарлау таутекенің мүйізінде күн аунап...

Қайтқан құспен жоннан үркіп, ойға түстің, Қараша,
Жапырағың тоналған күз жаныңа кім араша?..
Қоштаса алмай біз секілді жылай-жылай жүдеген,
Үйір-үйір бұлттар көшкен, күз аспаны аласа ә!..
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
күз туралы өлең, Ербол Бейілхан Күзбенен қоштасу өлең олен ербол бейлхан стихи на казахском, стихи на казахском языке, ербол бейілхан өлеңдері, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]