Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Боран алдында)

Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Боран алдында)

Нені көрмек төлші қыз қолайнадан?!
Малда жүріп, жан бар ма қараймаған...
Боз саулықтар сүзісіп жатыр сыртта,
Бойларында арқардың қаны ойнаған.

Төбет жатыр доп сынды домаланып,
(Бір «айқайдың» әйтеуір болары анық)
Жамбасынан сыз өтіп туған айдың,
Күн де бүгін алыпты қораланып.

Сиырлар да жөтелген ықтасында.
Ызғар уыты – есіктің тұтқасында.
Қойшыңыз да сайлана берсін енді,
Қорасы мен көңілін мықтасын да.

Жетісіп бір тұр дейсің сай-сала қай,
Болар ма екен бұл Көкек ең «сорақы» ай?!
Қой – ашқарақ, төл – тоңғақ, жусан – өлі,
Тал – жалаңаш, бұлт – үркек, жел – солақай.

Бәлкім, қайта билігін құрмақ Ақпан?!
Жалықты ғой бала да сырғанақтан...
Бір пәле бар әйтеуір келмей тұрып,
Босағаны мысыққа тырмалатқан.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Тыныштықбек Әбдікәкімұлы Боран алдында өлең олен Тыныштыкбек абдикакимов стихи на казахском, стихи на казахском языке, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]