Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

«Қастерлеген хатыңды, бағалаған,
Аман-есен мұндағы жаман ағаң.
Қақпақылдап тынымсыз жел уақыт,
Қаңбақ-күндер келмеске домалаған.

Төлдеп болды қолдағы ырысты мал,
Жүрегіңді тербетер тыныштық-ән.
Бүгін аспан боталап, Тау тамсанды,
Бүйен-сайға құйылып уыз тұман.

Қойшы аянбас сіздердей «қонағынан»,
Не бір серке сойылар, не бағлан...
Жазбай тани қоясың жаздың нұрын,
Жадыраңқы іңірдің қабағынан.

Ыңылдайды інішек «Дудар-айды»,
Әңгіме етер қойшымыз туған Айды.
Таныстырған өзіңе тарғыл мысық
Тышқандарды күнұзын қудалайды.

«Қылышбұлақ» құты бар мекеніміз,
Жеке там үй – біздегі жеке мүйіс.
Марқа-көңіл маңырап болмай қойды,
Терезеден Ай қарап теке мүйіз.

Бойымдағы болмаса сабыр – ұстам,
Саған деген өлер ме ем сағыныштан!..
Көгілдір нұр төгіп тұр көкте жұлдыз,
Қой көзіндей сәулеге шағылысқан.

Тындырғандай осы айда зор жұмысты,
Кеше менің «аспанға бөркім ұшты».
...Төл деген не, тәйірі,
күні ертеңгі
Сақманы өлеңнің қорқынышты».
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Тыныштықбек Әбдікәкімұлы өлең олен Тыныштыкбек абдикакимов стихи на казахском, стихи на казахском языке, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]