Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Хат жазбайсың)

Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Хат жазбайсың)

Хат жазбайсың, міне енді, сен де мүлде,
Оңай шығар өзіңе пендемін деу...
Екеуміздің арамыз өте қашық –
– мың сағыныш, мың күдік, ең кемінде!...

Әдемі бір әлем ең, маған арман,
Арманшылды алдымен табалар маң.
Жинасам да жаз бойы хаттарыңды,
Жыртық көңіл онымен жамалар ма?...

Түгендетіп еріксіз жоқ-барымды,
Білем, енді, осымен тоқтарыңды.
Көзге күйік болмасын, түсінерсің,
Түнге ағызып жіберем хаттарыңды.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
хат туралы өлең, Тыныштықбек Әбдікәкімұлы Хат жазбайсың өлең олен Тыныштыкбек абдикакимов стихи на казахском, стихи на казахском языке, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]