Өлең: Жандарбек Жұман (Қарындасым)

Өлең: Жандарбек Жұман (Қарындасым)

Өзгеше боп аттып тұр ақ таң бүгін,
Сиқыры мол сезімнен сақтанды кім?
Біртүрлі күй сыйлады мына маған,
Қолыңа сақинаны таққан күнің.
Қинап жатыр жанымды,қарындасым,
Ұзатылып бара жатқандығың!

Сұлу қыздың бірі едің елімдегі ең,
Отау құрып жатырсың теңіңменен.
Бар тілекті сыйдырып бір қаламға,
Сенің үшін арналып, өрілді өлең.
Кеше ғана кішкентай қыз едің-ау,
Бүгін міне ат алдың «келін» деген.

Сыңарыңа бұл тағдыр қосқан әкеп,
Махаббатың борышын тастады өтеп.
Дәл осындай бақытты кезді көріп,
Көздерім қуаныштан жасқа кетед.
Біз екеуміз әке-анамыздың,
Бар байлығы,бақыты,қос қанаты ек.

Жақсылыққа жолдас боп, жақтады үнің,
Байқалады шаттық та, бақ та бүгін.
Сүйгеніңмен мәңгілік бірге болғын,
Сендерге жолдас болсын Хақ Тәңірім!
Әкеміз бен аяулы анамыздың,
Ақ үмітін әрқашан ақта,күнім!

Құшағын тәтті сезім жайыпты шын,
Алдымызды болмаған айыпты ісің.
Құтты болсын жаулығың,қарындасым,
Бақытты бол! Бақытқа лайықтысың!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Жандарбек Жұман Қарындасым өлең олен Жандарбек Жуманов стихи на казахском, стихи на казахском языке, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно, карындасым жандарбек жуман олен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]