Қазақша өлең: Жандарбек Жұман

Қазақша өлең: Жандарбек Жұман

Қарсы жүріп барамын ағысқа тік.
Тырысуды қойдым ба намысқа түк.
Таң намазын оқымай...мен өзімнен,
Иманымды алыппын алыстатып.

Кеш ұйықтап, бамдатқа тұра алмадым,
Жалқаулық-ау...жетпеді бұған да әлім.
Калған кезде оқылмай бесін намаз-
Алыстап кеткен менен Құран Кәрім.

Сауапты істі боп аппын теріс көрер,
Жаратқанын ұмытар-көп ішкен ер.
Екінтіде ерініп жатқанымда,
Менен безіп кетіпті періштелер.

Осылай өтіп жатыр қайран жалған,
Не таптым ал: қыдыру,тайраңдаудан.
Ақшам кезде ақшамды босқа шашып,
Кеткен екем алыстап Пайғамбардан.

Намазсыз боп...жұмақты армандаппын,
"Тәубе" деуді ұмытып барға,ардақтым.
Құптан кезде құптамай құлшылықты,
Алланы алыстаттым...
Аңғармаппын...
Әттең!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Жандарбек Жұман өлең олен Жандарбек Жуманов стихи на казахском, стихи на казахском языке, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]