Қазақша өлең: Жандарбек Жұман (Жігерлендіру)

Қазақша өлең: Жандарбек Жұман (Жігерлендіру)

Уа,бауырым, көп мұңаймай, көп күлші,
Арманыңа қарай тағы бет бұршы.
Өмір де өзі-қас-қағым сәт емес пе ед?
Сәтсіздік те тура солай-өткінші!

Елге еңбекті жүргенің жоқ текке өтеп,
Ұнау қиын дегенменен көпке тек.
Армандардың орындалса барлығы,
Өмір мынау қызықсыздау боп кетед.

Сендей болсын алты алаштың нар ұлы,
Жас болса да іс тындырған сан ірі.
Мұңайып та тұру керек сияқты,
Қуаныштың түспесі үшін қадірі.

Жақсылықты тосу керек тағы алдан,
Алғыр адам бұл өмірден табар мән.
Сенсің,досым, өмірде де, өнер де,
Ойып тұрып өз орынын ап алған!

Бар бойыңда-өнер, білім, парасат,
Туады әлі: жаңа жоспар, жаңа сәт.
Еңсе деген түспеу керек ерлерде,
Мұңаю тек қыз-қатынға жарасад.

Көңіліңе айталман еш "қайғы ал" деп,
Мақсаттар көп сенде,досым, ойлар көп.
Бір сәтсіздік ештеңе емес, күрсінбе,
Өмір бұмен әлі біте қойған жоқ!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Жандарбек Жұман Жігерлендіру өлең олен Жандарбек Жуманов стихи на казахском, стихи на казахском языке, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]