Қазақша өлең: Жандарбек Жұман (Үйлену)

Қазақша өлең: Жандарбек Жұман (Үйлену)

Жүріп өттік қиындықтың жүз жолын,
 Екеумізге созып тұрды Күз қолын.
 "Үйленуден, қиын дейді үй болу",
 Айта берсін! Қатысы жоқ бізге оның.

 Жалықпаймын мен өзіңнен наз аңдып,
 Бақыттымыз! Жанарға жас аз алдық.
 "Балалы үй-базар" деуші ед қазақта,
 Үйімізді жіберейік базар қып...

 Дәл осылай дәмеленем мен енді,
 Көсегеміміз бірге болып көгерді.
 Бізге дейін айтып қойған асығыс:
 "Шын ғашықтар қосылмайды!" дегенді.

 Сен болмасаң, лауламаймын, сөнемін,
 Айтпасамда білесің-ау себебін.
 "Қырсыққан қыз байсыз қалар" десе де,
 Қырсыға бер! Өзім жауап беремін!

 Мен де өлемін сен,сүйіктім,өлген күн,
 Сезімімнің самалына тербелгін.
 "Қыздың қырық жаны бар" деп айтушы ед,
 Ал сенікі біреу ғана. Ол-менмін!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Жандарбек Жұман Үйлену өлең олен Жандарбек Жуманов стихи на казахском, стихи на казахском языке, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]