Қазақша өлең: Жандарбек Жұман (Сенің күйеуің...)

Қазақша өлең: Жандарбек Жұман (Сенің күйеуің...)

Әр сөзінде болатын мән-мағына,
Дегеніне жететін...арманына.
Білемісің,о,жаным, күйеуіңің,
Таң қалады барлығы талғамына.

Қуанышты ал кейде шерлі әлемі,
Сұлу қызға сөз салған, көнді әдемі.
Күйеуіңнің талғамы тым жоғары,
Бұл сөзімнің,сұлуым, сен-дәлелі!

Өнер үшін, жұрты үшін жаратылған,
Әкесі оның-ақ көңіл, дара тұлға.
Сосын сенің,сүйіктім, күйеуіңді,
Ең мейірбан, ең асыл Ана туған!

Сол ғой сені қызғанып, сағынар жан,
Ерініңде ернінің дәмі қалған.
Біліп жүргін,күйеуің, келіншек қып,
Сұлулардың сұлуын алып алған.

Сезім дейтін-біз үшін ұғым дара,
Бақыт болып бұйырдың,гүлім,маған.
...Дәл осындай күйеуге әйел болған,
Сен бақытты жансын ғой шынында да!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Жандарбек Жұман Сенің күйеуің өлең олен Жандарбек Жуманов стихи на казахском, стихи на казахском языке, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]