Қазақша өлең: Нұрболат Жолдасбек (Парадокс)

Қазақша өлең: Нұрболат Жолдасбек (Парадокс)

Мен бәріне керексізбін,керекпін,
Керектігім керексізге қорекпін.
Мен- Махамбет болар едім,бірақта
Бөлекпін...

Бөлектігім тым қисынсыз түс көрем,
Түс көруге күнәм шығар күштеген.
Құдай жоқ деп айғайладым,қорықтым
Қорыққаннан У жоқ,сірә, ішпеген.

Қорыққанмын көшелерден қараңғы,
Қатын дедім қабақ шытқан ғаламды.
Жолыққанның жолын кестім,жарадым
Қолын кестім қол көтерген адамның.

Жер сұрады – жерге бердім,жерледім,
Ел сұрады – елге бердім,өлмедім.
Жалғыздыққа жалғыз бардым,жазғырды
Жауыздыққа жалғыз досым азғырды,
Ермедім...

Кездесуге асыққанмын Алламен,
Кімге жарық болған еді жалған өң?
Қорқау тірлік жабысқан жоқ балаққа,
Қорқақ қыртпен жабылмадым торға мен.

Өткеніме өткенім деп қараймын,
Сау күн іздеп арасынан әр айдың.
Ақынсың деп алдағанмын талайды,
Ақылды боп ішіп кеткем талай күн.

Ақымық қой,ақымақтан жерідім,
А,дариға!Ай,дариға, көңілім.
Аз бақытты аз уақытты кешірдім
Ақын болып кетемін деп ең үлы!

Сосын,сосын сүйгенім бар – Құландық,
Бойында оның бір қылық жоқ ұнарлық.
Біз бақытты бола алмаспыз,- деді де
Кетіп қалды еркіндігін сыңар ғып.

...Тізе берсем бола қоймас өлшемі,
Тізе берсем көтермеспін еңсені.
Шексіз мұңға алып кетем бір күні,
Шексіз бақыт құшағынан мен сені.
Шексіз сезім аралына мен сені...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Нұрболат Жолдасбек Парадокс өлең олен Нурболат Жолдасбек стихи на казахском, стихи на казахском языке, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]