Қазақша өлең: Нұрболат Жолдасбек

Қазақша өлең: Нұрболат Жолдасбек

Сіз – көркемсіз көктемдей кеше келген,
Һәм көркем есіміңіз.
Сіз ешқашан өтпейтін көшелерде,
күтіппін кешіріңіз.
Сіз – сәулесіз сезімдей түнектегі өр,
Һәм аппақ мүсініңіз.
Сіз ешқашан көрмеген жүрекпенен,
сүйіппін түсініңіз.
Сіз – өлеңсіз өлімдей өмірге тең,
Һәм нұрсыз қарашықта.
Сіз...сіз барсыз,сосын мен көңілденем,
мұңаям адасып қап.
Сіз – қиялсыз,сіз – пәксіз,сіз ұнайсыз,
қиялда мүсініңіз.
Мен пендемін...жердемін,сіз құдайсыз,
...құлайсыз түсініңіз.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Нұрболат Жолдасбек өлең олен Нурболат Жолдасбек стихи на казахском, стихи на казахском языке, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]