Қазақша өлең: Нұрболат Жолдасбек (Күй)

Қазақша өлең: Нұрболат Жолдасбек (Күй)

Жанымды жырға жасырған дұға,
Басымнан аспай жүрмісің?
Мейірді жұтқан ғасырға мына,
Достықтың озық үлгісін
Көрсетсем деп ем! Жасықпын неге?
Ашықты неге ел осы?
Алатау саған ғашықпын тегі,
Безбүйректіктің Төресі.
Ағам деп жүрсем көктемді тірі,
Қарындас екен кәдімгі.
Еске алғым жоқ-ты өткеннің бірін,
Соққылай берген жағымды.
Мұратқа асыл жетті ме халық?
Жетсе де ылғи көңілсіз...
Тентіреп жүріп тепкіге қалып,
Көк тіреп тұрсам мен үнсіз.
Көкірек бұлттың көңілсіз әнін,
Жаттағым келді жасырын.
Өртеніп кетіп,қолым созамын
Қайдасың менің ғасырым?!
Таскерең түнмен бастар ем өмір,
Құланды ойлаймын,оныда...
Ешқашан енді қашпан О,Керім,
Еріп жүре бер соңыма.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
күй туралы өлең жолдары, күй туралы өлең шумақтар, күй туралы өлеңдер, Нұрболат Жолдасбек Күй өлең олен Нурболат Жолдасбек стихи на казахском, стихи на казахском языке, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]