Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Пішенде)

Қазақша өлең: Ғафу Қайырбеков (Пішенде)

Шөп машина қалағы
Күн көзінде жалтылдап,
Түсті пішен орағы
Көк майсада жарқылдап.

Қос машина, қыз, жігіт
Қатар еді арасы:
Қалды жігіт мүдіріп
Ширек сағат шамасы.

Винттің бірі жоқ мүлде
Ал, көгалдан таба алшы!
Үш оралды қыз міне,
Қап, қырсықты қарашы!

Жақындады қыз дағы,
Онан сайын түсті иық:
— Ау, жігітім, жүр, кәні
Нағып жатсың шұқшиып?!

─ Винт жоқ, белдік темірге
Жалғасатын төстегі!
— Ойбой, тәйірі - ай, оның не,
Винтің сенің бос па еді!

─ Жә, менде бар біреуі
Сүйте ме екен ер кісі!..
Алыстады қыз енді,
Құлақта қап күлкісі...

Жетсем бір, деп, - тұсына
Бұл да шапшаң кетті алға.
Ал, қыз кездің ұшында
Бұлдырайды тек қана...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ғафу қайырбеков Пішенде стихи өлең гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері, гафу каирбеков олендери, гафу каирбеков стихи на казахском, Пішенде

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]