Қазақша өлең: Асқар Тоқмағамбетов (Тоқалдың назы)

Қазақша өлең: Асқар Тоқмағамбетов (Тоқалдың назы)

— Ей, немене қабағыңды түйіп
Кеткендей дүниең күйіп!
Көп сандалмай бер жылдам,
Көжең болса құйып!

— Көрсеткен ұшпағың осы ма ?
Қалап тигенде сүйіп.
Жамау-жамау қамыт
Отырғанымыз киіп.

— Нәлет, онан артық не керек,
Өлесің бе, бар киімді жиып ?

— Жалғыз ескі шапан ғой,
Қойғандағы үйіп.

— Масаты қамзол, жібектен жаулық
Өкшең қарыстан биік,
Бәйбіше жүр салпылдап,
Етек-жеңін түйіп.
Күн шықпай барады егінге,
Антұрған, аясайшы біліп.

— Ендеше мені де сал егінге!
— Салсам салармын,
Алғаным жоқ тегінге.
Сүйіп алдым, жақсы дегенге дандайсып,
Назың - ақ көбейді - ау сенің де...

— Мен ондай егін сала алмаспын,
Айтты екен деп бара алмаспын.
Жұрт қос етектен киіпті,
Мен кие алмай қала алмаспын.

— Не қылған саған қос етек,
Неге жетпейді осы етек!
Сандықтағы камзолыңа
Тағы керек оқа етек.

— Бақпасаң жұрттай қып мені,
Не қыламын сені?
— Атаңа ғана нәлет!
Сен білесің нені.
Өгізшеге жаулық алдың,
"Жерікпін " деп саулық алдың!

— Өзің біліп алған шығарсың,
Бес-алты күн дау ғып алдың.
— Алсақ шашқан жоқпыз, тұр ғой,
Қазақтың қатыны киіп-ақ, жүр ғой,

— Жайласып ішіп отырған шай жоқ,
Құрап отырған үй ғой.
Алда ғана ит - ай,
Құрта алмай жүргенің бір тай.
Көйлек, мәсі, ақ жаулық,
Тағы керек қу шай.

— Тамақтан басқа нем бар,
Тамақ табатын сен бар.
Киім - тамақ таппасаң,
Екі қатында нең бар?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
асқар тоқмағамбетов Тоқалдың назы өлең аскар токмагамбетов олен стихи, асқар тоқмағамбетов өлеңдер жинағы, аскар токмагамбетов олендери, аскар токмагамбетов, аскар токмагамбетов

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]