Қазақша өлең: Сырласу
Ей өмiр, бүгiн сырласым болшы сен менiң,
Сыр шертiп бiраз тарқасын iште мұң шерiм.
Жолықпай кеттiң сұрауым бар едi өзiңнен,
Ақсың ба әлде, қара ма сенiң өлшемiң?
Адал ма ойың?Шындық па сенiң бiлгенiң?
Қай сының едi кейде алдап жалған күлгенiң?
Жырақтамысың? Хабарың жоқ қой мүлде бiр,
Жанымдасың ба? Бұл қалай үнсiз жүргенiң?
Жылаттың талай, қамығып қалды көңiлiм.
Түңiлдiм бiраз , ей қойшы сол бiр өмiрiн.
Кездерiм көп қой үмiттi қайта жалғаған.
Аралап жүрiп сүрiнген сынның өңiрiн.
Гүл терген кездер ойымның бағын аралап,
Нәзiк қой жүрек, оны да кеттiң жаралап.
Қайдасың ендi? Сырласым болшы сен менiң,
Бiр келшi маған жүрмiн бе күнде мазалап?
Күлдiм де талай, кездерiм болды шаттанған,
Армандар биiк, қол бұлғап мақсат жатты алдан.
Несiне айтам, өзiң де бәрiн бiлесiң,
Сағым боп қана көрiнер өткен шақтардан..

Автор: Айгерим Турлыкожанова
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Қалайша досың болам?
» Қазақша өлең: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Қыз сөзi)
» Қазақша өлең: Құралай Омар (Еркелейiн)
» Қазақша өлең: Исраил Сапарбай (Менiң мұңым тек қана, менiң қайғым емес қой)
» Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым)

Іздеп көріңіз: