Қазақша өлең: Есенғали Раушанов (Менің драмам)
- Қош бол, - дедім құмдарға, -
Есен жүрсем, бір келермін, мұңданба.
Ат тағалап, атан қомдап ер жеткен
Ең соңғы ақын мына мен ем бұл маңда.
Мен кетем.
Мұнартады төңірек,
Жетім шиді сыңсытады жел үдеп.
Алматыға түйе мініп бармайды,
Маған бұлай қарамаңыз, кер үлек.
Қоштасатын күн бүгін,
Қара құнан шайнайды-ай бір сулығын.
Ең соңғы рет алып шықтым қорадан,
Басың азат, бар, бара ғой, құлдығым.
Көзім алды бұлдыр-бұлдыр тұман кіл,
Айналшықтап кетпей қойды құнан бір.
Аз дей ме екен жүрегімде шер-нала,
Heгe мені жылатуға құмар бұл?!
Heгe мені қинайды бұл жау сынды?
Жас жоқ менде!
Біткен бәрі!
Таусылды!
- Жамалдатқыр, жоқ бол! - дедім ақырып,
Жел ап қашып тарғылданған даусымды.
Сөйтіп елден кеткенмін,
Қырсауды да, жүйрікті де көп көрдім.
Қаба жалды қара құнан боп мені
Түн ішінде оятады Өткен күн.
Баурайында сонау Келінтөбенің
Селтиіп бір тұрады үнсіз серегім.
Ер-тұрманын, тұрқын тұтас көремін,
Басы қайда, басы неге жоқ оның?!
Басы қайда, басы қайда, қорлық-ай,
Менен неге қашады аулақ ол бұлай?
Жосып ағып көзімнен жас, оянам
Жол ортада жолдасы өлген сорлыдай.
Шошаяды құранды ердің қасы кеп,
Қара тасты қарш-қарш турап, шашып от,
Баратады баба дала үстінде
Қаба жалды қара құнан.
Басы жоқ...
Есен жүрсем, бір келермін, мұңданба.
Ат тағалап, атан қомдап ер жеткен
Ең соңғы ақын мына мен ем бұл маңда.
Мен кетем.
Мұнартады төңірек,
Жетім шиді сыңсытады жел үдеп.
Алматыға түйе мініп бармайды,
Маған бұлай қарамаңыз, кер үлек.
Қоштасатын күн бүгін,
Қара құнан шайнайды-ай бір сулығын.
Ең соңғы рет алып шықтым қорадан,
Басың азат, бар, бара ғой, құлдығым.
Көзім алды бұлдыр-бұлдыр тұман кіл,
Айналшықтап кетпей қойды құнан бір.
Аз дей ме екен жүрегімде шер-нала,
Heгe мені жылатуға құмар бұл?!
Heгe мені қинайды бұл жау сынды?
Жас жоқ менде!
Біткен бәрі!
Таусылды!
- Жамалдатқыр, жоқ бол! - дедім ақырып,
Жел ап қашып тарғылданған даусымды.
Сөйтіп елден кеткенмін,
Қырсауды да, жүйрікті де көп көрдім.
Қаба жалды қара құнан боп мені
Түн ішінде оятады Өткен күн.
Баурайында сонау Келінтөбенің
Селтиіп бір тұрады үнсіз серегім.
Ер-тұрманын, тұрқын тұтас көремін,
Басы қайда, басы неге жоқ оның?!
Басы қайда, басы қайда, қорлық-ай,
Менен неге қашады аулақ ол бұлай?
Жосып ағып көзімнен жас, оянам
Жол ортада жолдасы өлген сорлыдай.
Шошаяды құранды ердің қасы кеп,
Қара тасты қарш-қарш турап, шашып от,
Баратады баба дала үстінде
Қаба жалды қара құнан.
Басы жоқ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: