Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Қастерлі тұлға - Мұғалім!)
![Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Қастерлі тұлға - Мұғалім!)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2016-05/1462473949_shutterstock_210171001.0.jpg)
Білімнің ғана тиегі,
Мектебін жаны сүйеді.
Қарапайым мамандық -
Ұстаздық атты киелі.
Бойына жиған нұр ағын,
Білімнің жаққан шырағын.
Шәкіртімен көркейер
Қастерлі тұлға - Мұғалім!
Шәкіртке шуақ төгетін,
Жанына мейір егетін.
Еңбекпенен жалықпай,
Білімнің нәрін себетін.
Бойына жиған нұр ағын,
Білімнің жаққан шырағын.
Шәкіртімен көркейер
Қастерлі тұлға - Мұғалім!
Кешегі балаң түлегі,
Есінде мәңгі жүреді.
Кетсе де алыс өзінен,
Ұстаз боп қалар үнемі!
Мектебін жаны сүйеді.
Қарапайым мамандық -
Ұстаздық атты киелі.
Бойына жиған нұр ағын,
Білімнің жаққан шырағын.
Шәкіртімен көркейер
Қастерлі тұлға - Мұғалім!
Шәкіртке шуақ төгетін,
Жанына мейір егетін.
Еңбекпенен жалықпай,
Білімнің нәрін себетін.
Бойына жиған нұр ағын,
Білімнің жаққан шырағын.
Шәкіртімен көркейер
Қастерлі тұлға - Мұғалім!
Кешегі балаң түлегі,
Есінде мәңгі жүреді.
Кетсе де алыс өзінен,
Ұстаз боп қалар үнемі!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Білімдіні ұнатады бұл ғасыр)
» Қазақша өлең: 5 Қазан - Ұстаздар (Мұғалімдер) күні (Ұстаз деген....)
» Қазақша өлең: 1 Қыркүйек - Білім күні (Білім күні құтты болсын, Мұғалім)
» Қазақша өлең: Әбубәкір Қайран (Ағын)
» Қазақша өлең: Мұғалімдер күні бүгін
» Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Білімдіні ұнатады бұл ғасыр)
» Қазақша өлең: 5 Қазан - Ұстаздар (Мұғалімдер) күні (Ұстаз деген....)
» Қазақша өлең: 1 Қыркүйек - Білім күні (Білім күні құтты болсын, Мұғалім)
» Қазақша өлең: Әбубәкір Қайран (Ағын)
» Қазақша өлең: Мұғалімдер күні бүгін
Іздеп көріңіз: