Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Сарбаздың Аруға сәлемі)

Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Сарбаздың Аруға сәлемі)

Нәзік мұңы бірге кетіп көп күнмен,
Ұшады олар қыранға тән екпінмен:
Демалысқа қыстыгүні келсе де -
Ару қыздар, қарсы алыңдар шоқ гүлмен!

Жас жүректер сағынысқан болса анық -
Қарсы алыңдар жайраң қағып, ән салып.
Сездіңдер ме ол сендерді, ауылды
Осы жылда аңсағанын қаншалық!
(c) Тынышбай Рахым

Онда күз еді, тағы да енді күз келді,
Хазар жақтан ақша бұлттар жүзді енді.
Сол бұлттардан сарбаздың ұқ сәлемін,
Қауыштырар күн де жақын бізді енді.

Хат жазыстық, сыр айтыстық, ұғыстық,
Дегем талай: шекарамыз тыныштық.
Еліміздің шекарасын күзеттік,
Сол тыныштық - Отан үшін ырыс-құт.

Біз өткіздік әскердегі жылды, айды,
Енді көңіл жүрек әнін тыңдайды.
Сарбаздарға туған жері қол бұлғап,
Сағынышы бұрынғыдан ұлғайды.

Олар бүгін солдат болды - шыңдалды,
Өткізді де жауынгерлік сындарды.
Дейді енді: туған жер мен туысқа
Оралуға бізге қанша күн қалды.

Олар мұнда алды құрыш-тағылым,
Сәлемдерін елге жеткіз бәрінің.
Ұмытқан жоқ сарбаз бір сәт достарын,
Ойлады әр кез ата-анасын, Аруын.

Отан барда - қалмас ұлдар еленбей,
Қорған олар сауыт-болмыс берендей.
Өз көңілім өзің жаққа қол бұлғап -
Туған Отан - Сырға сәлем дегендей.

Кеше күз еді, тағы, міне, күз келді,
Сарбаз көңіл сағыныш боп жүзді енді.
Хазар жақтан тыныштық боп күлген күн
Аман-есен қауыштырсын біздерді!

Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ғабиден қожахмет Сарбаздың Аруға сәлемі өлең олен стихи на казахском, габиден кожахмет өлең олен стихи на казахском, ғабиден қожахмет, габиден кожахмет олен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]