Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Махаббат жоқ дейді екен бір адамдар)

Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Махаббат жоқ дейді екен бір адамдар)

Махаббат жоқ дейді екен бір адамдар
Олар ойдан өтірік құрағандар
сезімменен күресіп жарты жолда
Жауырыны жер иіскеп құлағандар

шын махаббат қашанда қалайды ерлік
Ал жоқ дейік,солай деп санай бердік
Махаббат жоқ болса егер сәби болып
Дүниеге шыр етіп қалай келдік?

Олай оңай болмайды алалауға
Махаббат бар лайықты бағалауға
Жоқ болса егер қос ғашық құшақтасып
Тектен текке тұра ма жағалауда????

үміт сөнер болса егер сенім кері
"Жоқ"деп айту жүректің жеңілгені
Жоқ болса, ғашықтардың қызық үшін
Түйісе ме бостан - бос еріндері??

Күш пен қуат сыйлайтын қаныңа да
махаббат та мән де бар, мағына да
махаббат жоқ,сонда не саусақтарға
сақиналар өтірік тағыла ма?

Сезім нұрын шашады айналаға
Басқа нәрсе сыйлайды бойға жаңа
Махаббатты жоқ десек той үстінде
Тектен - текке той жыры ойнала ма?

Он сегіз мың махаббат ғалам нұры
Сәбиердің сезімнен жаралды үні
Махаббат бар өшпейді бірақ оған
Адамдардың жетпейді адалдығы
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Ерболат Қарақойшиев өлең Махаббат жоқ дейді екен бір адамдар олен стихи казахском, Ерболат Қарақойшиев өлеңдері, стихи ерболат каракойшиев на казахском языке, казакша олен ерболат каракойшиев

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]