Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Алатаудай едің бұрын арманым...)

Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Алатаудай едің бұрын арманым...)

Алатаудай едің бұрын арманым,
Алақандай болып қазір қалғаның.
Көз алдымда жүргеніңмен сезімнің,
Қаламаймын оты қайта жанғанын.

Көрмей бәрін қыз жүрсе де айнала,
Жалғыз саған боп жүр едім cай бала.
Бұрын жылап сені құлай сүйгенмін,
Бүгін бірақ доссың маған жай ғана.

Дос боп қана жүр қасымнан табылып,
Мен қылмаймын қызғалдаққа "тағылық".
Есiріп бой, сезім билеп санамды,
Кешіріп қой, кейде кетсем сағынып.

Күзді күтпей, сөніп қалған үміт бар,
Еш ойым жоқ жүрегіңді құлыптар.
Оңашада сөйлеп кетсем өзгеше,
ол сезімнен қалып кеткен сынықтар.

Бір күндері болатынсың қымбатым,
Бұл күндері желге ұшты мың хатым
Мүмкін болса мен саған,ал сен маған,
Бірімізге жүрмейікші тым жақын.....
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Ерболат Қарақойшиев өлең Алатаудай едің бұрын арманым олен стихи казахском, Ерболат Қарақойшиев өлеңдері, стихи ерболат каракойшиев на казахском языке, казакша олен ерболат каракойшиев

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]