Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Жатақхана)

Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Жатақхана)

Жатақхана.Бұрылатын жол кем де,
Кешкі уақыт.Күн жарығы сөнгенде.
Есігінде сандары бар үш түрлі.
Танысқанбыз сенің шеткі бөлмеңде.

Жағулы күй жатақхана шамы әлі
Қарсы қарап екі адамның жанары,
Сол бөлмеден бастау алып жазылды,
Біздердегі сезімдердің парағы.

Болашақтың болатынын алды мұң,
Білмегесін, жарығым-ау, жан гүлім.
Мен есерсоқ қиялдаппын ертерек,
Саған айтып арманымның барлығын.

Жұдырықтай жүрек саған мекен ғой,
Деп ойлап ем сөйтсем бәрі бекер ғой,
Сиқырлы деп жүрген сенің сезімің,
Жәй, құрылған бір сценарий екен ғой.

Сол бөлмеде жырдың төгіп жаңбырын,
Өтіп еді өзіңменен әр күнім.
Жалғыз түйір СМС-пен шештің ғой,
Жөргектегі махаббаттың тағдырын.

Күзден кейін келді қысқы ай аттап,
Студентке демалар кез таяп қап.
Каникулға ауылыңа аттандың,
Жыл соңында сабағыңды аяқтап.

Мендей саған ешкім салмас әнді де,
Сенсіз қазір атты тағы таң міне.
Өзіңменен бірге еріп сезімің,
Демалысқа кетіп қалды мәңгіге....
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жатақхана туралы өлеңдер, Ерболат Қарақойшиев өлең Жатақхана олен стихи казахском, Ерболат Қарақойшиев өлеңдері, стихи ерболат каракойшиев на казахском языке, казакша олен ерболат каракойшиев

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]