Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Арамызда пайда болып алшақтық...)

Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Арамызда пайда болып алшақтық...)

Арамызда пайда болып алшақтық,
Бiр-ақ сәтте баз кештi ғой бар шаттық,
Ол да бiрақ дұрыс болар,сенімсiз,
Сезімдермен жүректердi шаршаттық.

Жанарымыз жолыққанда жылып бой,
Қылықтарға бiздердегі күлiп қой,
Жатырсақ та, сол күлкiнiң астында,
Арпалысып жатушы едi күдiктi ой.

Кезiктiрдi баққа сараң бекер күз,
Өзге жанды бiз бақытты етермiз,
Жалғыз күмән-жеңiп кеттi оп-оңай,
Бiз күмәндi жеңе алмадық екеуміз.

Сенiң маған тимесiнші кесiрiң,
Менiң саған тимесiнші кесiрiм.
Сезіміне сене алмаған екеуге,
Бұл тағдыр да бере қоймас кешірім.

Босқа мұңнан бозармасын көзіміз,
Желге ұшты жан жылытқан сөзіміз.
Қоштасуға себеп болған жандар бар,
Ол-бірақ та өзіміз...

Қарамайық жолығатын жол келсе,
Қоштастық қой ақылға сап сол сенше,
Бiрақ қорқам сөндіреді кім келіп?
Өкініштен өзегіміз өртенсе..
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Ерболат Қарақойшиев өлең Арамызда пайда болып алшақтық олен стихи казахском, Ерболат Қарақойшиев өлеңдері, стихи ерболат каракойшиев на казахском языке, казакша олен ерболат каракойшиев

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]