Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Сағынасың дейсің бе?)

Сағынасың дейсің бе?
Қашан таңым атып еді сағынбай?
Мен деп уайым жейсің бе?
Олай болса қалмадың ба жанымда-ай...
"Ойланасың"-дерсің ау,
Менің ойсыз қашан күнім батып ет?
Ойымның да ойлаушысы сенсің-ау,
Сенен өзге жүрекке кім жақын ет?
"Кешір мені!"-жүрегіңнің күбірі,
Деп естілді, өкініштен жанғаның,
Кешірген нес? Мен кешірмек түгілі,
Саған тіпті өкпелей де алмадым...
"Түсінерсің"-деп кете бардың тұрып сен,
Өз-өзіңді кінәлағыш боп алдың,
Түсіндім ғой...түсініп, сол түсінікпен,
Сенің ғазиз өміріңнен жоғалдым...
Қашан таңым атып еді сағынбай?
Мен деп уайым жейсің бе?
Олай болса қалмадың ба жанымда-ай...
"Ойланасың"-дерсің ау,
Менің ойсыз қашан күнім батып ет?
Ойымның да ойлаушысы сенсің-ау,
Сенен өзге жүрекке кім жақын ет?
"Кешір мені!"-жүрегіңнің күбірі,
Деп естілді, өкініштен жанғаның,
Кешірген нес? Мен кешірмек түгілі,
Саған тіпті өкпелей де алмадым...
"Түсінерсің"-деп кете бардың тұрып сен,
Өз-өзіңді кінәлағыш боп алдың,
Түсіндім ғой...түсініп, сол түсінікпен,
Сенің ғазиз өміріңнен жоғалдым...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Көпірі көп,келбеті де керемет....)
» Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Жатақхана)
» Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Қай жүрекке лайықпын?)
» Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Арамызда пайда болып алшақтық...)
» Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Сеземін)

Іздеп көріңіз: