Қазақша өлең: Әкеме хат
Әке, Әкетайым,
Келеді сізге оңаша сыр ақтарғым,
Өмірде көп екен-ау сынақтар тым,
Кесімін өзіңізден сұрай келдім,
Шешімін таппай жүрген сұрақтардың.
Білім қуып қаланы үш жыл кездім,
Үш жылда суық, жылы қатар сездім,
Күйбелең қу тірлігін көргенімде,
Қадірін сонда білдім бала кездің.
Әке, Әкетайым,
Біздерге сый-құрметті үйреткенсіз,
Сыйластық туын биік сүйреткенсіз,
Бірақ мұнда қарттар жүр орын таппай,
Қоғамдық көліктерден билеттерсіз.
Кәріге қарсы сөйлер болғандай қас,
Кеудеде жүрек емес тұрғандай тас,
Сыйластық атаулыдан безінгендей,
"Сіз" демес, "сен" деп сөйлер бүгінгі жас.
Әке, Әкетайым,
Бұл қала жас-кәріге қарамайды,
Қалтасы қалың жанды бағалайды,
Жаманның жамандығын көзге ілмей,
Жақсының ізгі ісін қаралайды.
Ескілеу киім кисең табалайды,
Адамға сірә мүлде санамайды,
Балаққа жармасатын қаннен иттей,
Бәрі де шет-шетінен қабалайды.
Әке, Әкетайым,
Қасымнан менің әр кез табылатын,
Бәйгеге мен үшін деп салып атын,
Бірлікті биік қойған досты таптым,
Тірлікте білек түріп сабылатын.
Құшағын кеңге ашып қауышатын,
Бақ қонғанда бал шырынды тауысатын,
Достыңда көріп жүрмін небіреуін,
Хамелеон боп, күйден-күйге ауысатын.
Әке, Әкетайым,
Көшеде ерсі қылық қыздар да жүр,
Қысқа көйлек кигендер тырбаңдап жүр,
Ал үйінде ұзындау киім киген,
Бұл ессіздер білмеймін кімді алдап жүр.
Кезінде ат шаптырып жарысқан ұл,
Бұл күнде арағымен табысқан ұл,
Парқы жоқ, парасаты, мақсаты жоқ,
Нәпсіге жіпсіз ғана жабысқан құл.
Бұрынғылар он үшінде баспын деген,
Бүгінгілер отызында жаспын деп жүр.
Кеше қазақ имандымен доспын деген,
Ал бүгінде өзді-өзіне қаспын деп жүр.
Әке, Әкетайым,
Қалада өзіміздей қазақтар жүр,
Қазақша сөйлегенді мазақтап жүр,
Өз баласы өз тілін өгейсінді,
Қазақ тілі бұл күнде тозақта жүр.
Әке, Әкетайым,
Айқайы көп, шуы көп бұл қаланың,
Ұлы ем еркін өскен шаң даланың,
Тынысымды тарылтып үш жыл бойы,
Қалай жүргем шынымен таңғаламын.
Кел десеңіз қазір-ақ кеткім келед,
Құстай ұшып тезірек жеткім келед,
Қала менен Қазақтың жайын айтып,
Оңашада көп әңгіме шерткім келед.
Келеді сізге оңаша сыр ақтарғым,
Өмірде көп екен-ау сынақтар тым,
Кесімін өзіңізден сұрай келдім,
Шешімін таппай жүрген сұрақтардың.
Білім қуып қаланы үш жыл кездім,
Үш жылда суық, жылы қатар сездім,
Күйбелең қу тірлігін көргенімде,
Қадірін сонда білдім бала кездің.
Әке, Әкетайым,
Біздерге сый-құрметті үйреткенсіз,
Сыйластық туын биік сүйреткенсіз,
Бірақ мұнда қарттар жүр орын таппай,
Қоғамдық көліктерден билеттерсіз.
Кәріге қарсы сөйлер болғандай қас,
Кеудеде жүрек емес тұрғандай тас,
Сыйластық атаулыдан безінгендей,
"Сіз" демес, "сен" деп сөйлер бүгінгі жас.
Әке, Әкетайым,
Бұл қала жас-кәріге қарамайды,
Қалтасы қалың жанды бағалайды,
Жаманның жамандығын көзге ілмей,
Жақсының ізгі ісін қаралайды.
Ескілеу киім кисең табалайды,
Адамға сірә мүлде санамайды,
Балаққа жармасатын қаннен иттей,
Бәрі де шет-шетінен қабалайды.
Әке, Әкетайым,
Қасымнан менің әр кез табылатын,
Бәйгеге мен үшін деп салып атын,
Бірлікті биік қойған досты таптым,
Тірлікте білек түріп сабылатын.
Құшағын кеңге ашып қауышатын,
Бақ қонғанда бал шырынды тауысатын,
Достыңда көріп жүрмін небіреуін,
Хамелеон боп, күйден-күйге ауысатын.
Әке, Әкетайым,
Көшеде ерсі қылық қыздар да жүр,
Қысқа көйлек кигендер тырбаңдап жүр,
Ал үйінде ұзындау киім киген,
Бұл ессіздер білмеймін кімді алдап жүр.
Кезінде ат шаптырып жарысқан ұл,
Бұл күнде арағымен табысқан ұл,
Парқы жоқ, парасаты, мақсаты жоқ,
Нәпсіге жіпсіз ғана жабысқан құл.
Бұрынғылар он үшінде баспын деген,
Бүгінгілер отызында жаспын деп жүр.
Кеше қазақ имандымен доспын деген,
Ал бүгінде өзді-өзіне қаспын деп жүр.
Әке, Әкетайым,
Қалада өзіміздей қазақтар жүр,
Қазақша сөйлегенді мазақтап жүр,
Өз баласы өз тілін өгейсінді,
Қазақ тілі бұл күнде тозақта жүр.
Әке, Әкетайым,
Айқайы көп, шуы көп бұл қаланың,
Ұлы ем еркін өскен шаң даланың,
Тынысымды тарылтып үш жыл бойы,
Қалай жүргем шынымен таңғаламын.
Кел десеңіз қазір-ақ кеткім келед,
Құстай ұшып тезірек жеткім келед,
Қала менен Қазақтың жайын айтып,
Оңашада көп әңгіме шерткім келед.
Автор: Қалжан Бақытжан
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: