Өлең: 4 Маусым - Рәміздер күні (Қазақ елі рәміздері)

Өлең: 4 Маусым - Рәміздер күні (Қазақ елі рәміздері)

Алтын күн аясында қалықтайды,
Тәуелсіз Отанымның көк байрағы.
Алтын қанат дала қыран шарықтайды,
Жеріміздің бейбіт құсы самұрығы.

Қайырмасы:

Ел ұраны, Ел таңбасы,
Елдің туы – көк жалауы,
Бәрімізге рух береді,
Қазақ елі рәміздері.

Алтын күн аясында қалықтайды,
Тәуелсіз Отанымның ел таңбасы.
Алтын мүйіз дала пырақ босағалы,
Халқымыздың бейбіт құтты шаңырағы.

Қайырмасы

Алтын күн аясында қалықтайды,
Тәуелсіз Отанымның ел ұраны.
Алтын күй, дала әуен асқақтайды,
Ұлтымыздың бейбіт құшақ бірлік жыры.

Қайырмасы

Сөзі: Б.Р. Кенішбаев
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Рәміздер күні, рәміздер туралы өлеңдер, рәміздер туралы өлең шумақтары, рәміздер туралы өлең жолдары, мемлекеттік рәміздер туралы өлең жолдары шумақ, мемлекеттік рәміздер туралы өлең жолдары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]