Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Алаштың асылдары)

Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Алаштың асылдары)

Шайқалды сан мәрте
Елімнің тұнығы.
Қазағым, асылым -
Көк түрік сынығы.
Торлап ап тұрғанда
Ұлтымды азап-мұң,
Оятпақ болыпты
Ұлдары қазақтың.

Әлихан, Мұстафа,
Ахмет, Міржақып
Орнатпақ болыпты
Халқына нұр бақыт.
Күресті атсын деп,
Елінің ақ таңы.
Алаштың айбынды,
Асылдай ұлдары,
Зиялы, жүректі,
Қорғаны тұлғалы
Сын жерде елінің намысын сатпады.

Бақытқа жетсін деп
Келешек ғасырлар,
Елінің ертеңін
Ойлады асылдар.
Еске алса ұрпағы,
Кеудеге өрт толды.
Алаштың ұлдары
Ақ жолда мерт болды.

Әлихан, Мұстафа,
Ахмет, Міржақып
Орнатпақ болыпты
Халқына нұр бақыт.
Күресті атсын деп,
Елінің ақ таңы.
Алаштың айбынды,
Асылдай ұлдары,
Зиялы, жүректі,
Қорғаны тұлғалы
Сын жерде елінің намысын сатпады.

Күн туды күлімдеп
Асылдар аңсаған.
Ұрпағы бүгін кеп,
Ақ таңын қарсы алған.
Қыранды көк байрақ
Биікке көтерді.
Елтаңба - қос пырақ,
Алысқа жет енді!

Әлихан, Мұстафа,
Ахмет, Міржақып
Орнатпақ болыпты
Халқына нұр бақыт.
Күресті атсын деп,
Елінің ақ таңы.
Алаштың айбынды,
Асылдай ұлдары,
Зиялы, жүректі,
Қорғаны тұлғалы
Сын жерде елінің намысын сатпады.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, алаш туралы олен, алаш туралы өлең, алаш арыстары туралы өлеңдер, алаш арландары туралы өлең

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]