Қазақша өлең: Әмірхан Балқыбек (Сағди ғазалы)

Қазақша өлең: Әмірхан Балқыбек (Сағди ғазалы)

Хорасанның,
Бәлкiм Шираз түбiнде,
Ай қорыған махаббаттың түнiнде,
Өзiне-өзi күбiрлейдi қайыршы
Құда елiнiң шайырының тiлiнде:

Пайғамбарлық пейiлiммен құлаған,
Бiр қылығың үшiн сонда ұнаған,
Жанын жалдап,
Тәнiн сатқан күн неме,
Аршып сенi алмап па едiм күнәдан.

Ұмыттың ба?
Ұмыттың-ау!
Ұмыттың.
Мұң боп келiп,
Мысым бастың, құрыттың.
Жаны еркiн кiре алатын жұмаққа
Аңқау басым көрдi әкесiн құлыптың.

Сонау күндер
Түсiретiн сенi еске,
Көз алдымда, айналған жоқ елеске
Махаббатта жүрек жалғыз,
Жалғызға
Пайғамбар мен қайыршы бiр емес пе?

Құдай куә,
Пайғамбарлық еркiммен,
Қайыршы боп жер басуға көндiм мен.
Қайыс болып осу үшiн арқаңнан,
Шайыр болып сүю үшiн ернiңнен.

Амал қанша,
Амал қанша сен менiң,
Жыртық тоннан шын бейнемдi көрмедiң.
Қақпа алдында құр телмiрген кезбемен
Қырық шырағың бәрi бiрдей сөнгенiн

Аязды түн
Ақыл тiстi қақсатып,
Түйсiгi жоқ тұл мойында бас қатып
Жабыққанда, бататыны жаныма,
Сенi бай да алмайтыны, тас қатын.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әмірхан балқыбек Сағди ғазалы өлең олен өлеңдері амирхан балкыбек все стихи на казахском, әмірхан балқыбек өлеңдері, әмірхан балқыбек шығармалары, амирхан балкыбек все стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]