Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Қыз-дәурен)
Серік қып тағдыр басқаны,
Ашылды арай аспаны.
Шақырды өзге жағаға,
Қол бұлғап бақыт бастауы.
Өмірде бірге достасып,
Айдында барады қос ғашық.
Жаңа өмір есік ашқанда,
Қыз-дәурен қалар қоштасып.
Жастықтың желпіп самалы,
Босаға аттап барады.
Ата-ана, бауыр, ағайын,
Тілекшің болып қалады.
Қызға кім кінә таға алар,
Жат жұрттық болып жаралар.
Артында қалған еліне,
Қонақ боп енді оралар.
Өмірде бірге достасып,
Айдында барады қос ғашық.
Жаңа өмір есік ашқанда,
Қыз-дәурен қалар қоштасып.
Ашылды арай аспаны.
Шақырды өзге жағаға,
Қол бұлғап бақыт бастауы.
Өмірде бірге достасып,
Айдында барады қос ғашық.
Жаңа өмір есік ашқанда,
Қыз-дәурен қалар қоштасып.
Жастықтың желпіп самалы,
Босаға аттап барады.
Ата-ана, бауыр, ағайын,
Тілекшің болып қалады.
Қызға кім кінә таға алар,
Жат жұрттық болып жаралар.
Артында қалған еліне,
Қонақ боп енді оралар.
Өмірде бірге достасып,
Айдында барады қос ғашық.
Жаңа өмір есік ашқанда,
Қыз-дәурен қалар қоштасып.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Үйлену тойы)
» Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Екі жасқа тілек)
» Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Енді олардың бірге өмірі, әнге толы бір кеші)
» Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Ұясынан ұшып барады бір құсы)
» Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Тойға шақыру)

Іздеп көріңіз: