Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Жалшылар, міне жеңді енді)

Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Жалшылар, міне жеңді енді)

Ауылда ірі байлардың
Өрісті малы бермеді,
Жалшы еңбегін жатып жеп,
Еңбек заңын көрмеді.
Күндерін көксеп датқалық,
Кеуделерін кернеді.
Малына сеніп күмпиіп,
Арамдар сөйтіп өрледі.
Сайлау болса жылтылдап,
«Мен жағыма кел, - деді.
- Көтеруге бағымды,
Құйыршық болып ер», - деді.
Советті күндеп, өсектеп,
Біле тұра сенбеді.
Қосшы ұйымын құлдар деп,
Кіжініп қолын сермеді.
«Тасқын суға бір тосу»
Дегендей, тосу келді енді.
Партия беріп басшылық
Кедейлер жеке меңгерді.
Байға жасап шабуыл,
Таразысы тең келді.
Тең келмеді - ау басынды,
Малына салып шеңгелді.
Ақ ордасын ойрандап
Жалшылар, міне, жеңді енді,
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әбділда тәжібаев Жалшылар міне жеңді енді өлең олен абдильда тажибаев стихи на казахском, әбділда тәжібаев өлеңдері, әбділда тәжібаевтың өлеңдері, әбділда тәжібаев өлеңі, абдильда тажибаев олени, абдильда тажибаев стихи на казахском, Жалшылар міне жеңді енді

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]