Қазақша өлең: Әмірхан Балқыбек (Шын ғашықтарда болмайды екен ес мүлде)

Қазақша өлең: Әмірхан Балқыбек (Шын ғашықтарда болмайды екен ес мүлде)

Махаббат үшiн бiр екен ессiз, естiң де,
Шын ғашықтарда болмайды екен ес мүлде.
Дәл мендей сенi сағына аңсап жалғанда,
Дәл мендей сенi сүймеген шығар ешкiм де.

Дәл мендей сенi сүймеген шығар ешбiр жан,
Өзiңдi iздеп тал түсте көше, кеш қырдан,
Мен қазiр, жаным, шайыр боп жүрмiн жаны мұң,
Махаббат жайлы жазатын әр түн бес жырдан.

Қарақат көзiң есiме түссе ес кетiп,
Қаңғып та кетем көшенi кезiп, кештетiп.
Жанарым тұнып, жасып та қайтам үйге мен,
Меңiреу халде түсiре алмайтын еске түк.

Бәрi де сенi ұмытсам деген бiр тiлек,
Бiр тiлек болмай отырам тағы жыр күреп.
Көктемнiң түнiн жарық қып жарқылдарымен,
Қауышқан бұлттар жатқан шақ көкте күркiреп.
1990 ж.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әмірхан балқыбек махаббат туралы өлең олен өлеңдері амирхан балкыбек все стихи на казахском, әмірхан балқыбек өлеңдері, әмірхан балқыбек шығармалары, амирхан балкыбек все стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]