Қазақша өлең: Тынышбай Рақым (Қанша қызбен кездестім?)

Қазақша өлең: Тынышбай Рақым (Қанша қызбен кездестім?)

Қанша қызбен кездестім?..
Есімде жоқ,
Шалқып өткен тал түс те, бесін де көп.
Жылдар өтіп кетсе де арада сан,
Құмар сезім әлі күн өшірмеді от.

Бар екенін білмеймін не күшінің,
Болады екен кейде өмір өрісі мұң...
Бәрінің де кескіні көз алдымда,
Тек есімін ұмыттым көбісінің.

Айта алмаймын оларды ұмытты деп,
Кейде, бәлкім, ұшқалақ үміт түлеп.
Тағы да бір жолығу арман болар,
Иығыма асса деп күліп білек?..

Кеттім бірақ солармен жолығыспай,
Баяғыша кездесіп қолын қыспай.
Салқын тартып барам ба кешегіден,
Жүр деп мені ойлай ма жаны ұғыспай?

Еске түскен сәттерде жыр етемін,
Қызу күннің білгенмін бір өтерін.
Анда-санда өлеңім ұшырасса -
Қуанта ма оларды тірі екенім?.

Бүгіндері бір кезгі көбеңдер де
Болар, бәлкім, бақытқа кенелген де?!
"Маған арнап жыр жазған ақын ед" деп,
жылар ма екен сол қыздар мен өлгенде?..
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Тынышбай РАХЫМ Қанша қызбен кездестім өлең рақым олен стихи на казахском, рақым Тынышбай Рахымның өлеңдері, рақым Тынышбай РАХЫМ өлеңдері, рақым Тынышбай РАХЫМ өлең олен стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]