Қазақша өлең: Тынышбай Рақым (Мен кей қызбен "бойдақпын" деп таныстым)
Басқаным ба аяғымды шалыс тым,
Мен кей қызбен "бойдақпын" деп таныстым.
Сағындырды ма екен, шіркін, білмедім
Сонау, сонау артта қалған алыс күн?..
Не болды енді дейсіңдер ме аяғы?
Айтылмады -айтылған сөз баяғы.
О басында менің мөлдір сезімім
Нәзік гүлге бақ тіледі, аяды.
"Сыңармын" деп айтып қалдым байқамай,
Жұп болғалы жылдар өткен, Ай талай.
Желік жеңсе - дауыл болып кетер ем,
Тындым іштей, тұнық көлді шайқамай.
Әнім бе екен күдік -тоңды жібіткен,
Қара көздер мөлдірейді үмітпен.
Жан көктемі ақ шуағын төгеді,
Не күтті екен мендей "бойдақ" жігіттен?..
Аңсатса да оралмайтын шат күндер,
Мен емеспін енді қызға пәкпін дер.
Ғұмырыңа тек тәттілік тілеймін,
Маған кештеу ұшырасқан ақ гүлдер!
Мен кей қызбен "бойдақпын" деп таныстым.
Сағындырды ма екен, шіркін, білмедім
Сонау, сонау артта қалған алыс күн?..
Не болды енді дейсіңдер ме аяғы?
Айтылмады -айтылған сөз баяғы.
О басында менің мөлдір сезімім
Нәзік гүлге бақ тіледі, аяды.
"Сыңармын" деп айтып қалдым байқамай,
Жұп болғалы жылдар өткен, Ай талай.
Желік жеңсе - дауыл болып кетер ем,
Тындым іштей, тұнық көлді шайқамай.
Әнім бе екен күдік -тоңды жібіткен,
Қара көздер мөлдірейді үмітпен.
Жан көктемі ақ шуағын төгеді,
Не күтті екен мендей "бойдақ" жігіттен?..
Аңсатса да оралмайтын шат күндер,
Мен емеспін енді қызға пәкпін дер.
Ғұмырыңа тек тәттілік тілеймін,
Маған кештеу ұшырасқан ақ гүлдер!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: