Қазақша өлең: Жүрсін Ерман (Ертеректеу ержетіппін)

Қазақша өлең: Жүрсін Ерман (Ертеректеу ержетіппін)

Ертеректеу ержетіппін
Өтіп дәурен, озып ғалам.
Киіс көрген керзі етіктің
Жұлығындай тозып барам.

Уатылып төзім бордай
Қайда асығыс алып-ұштық?
Қасатталып сезім қардай
Суынды ерте қаным ыстық.

Тұлпарын бір тебінуге
Қысса жастық тақымын сәл,
Жігіт болып желігуге
Жібермеді ақылым – шал.

Саяқ жүрген құландаймын,
Жығылады, жығам қай күн?
Ештеңеге қуанбаймын,
Ештеңеге жұбанбаймын.

Жүрегімен арыстанның
Қозыдайын көгенделдім.
Дел-сал болған данышпанмын,
Қайғы жұтқан кемеңгермін.

Ойыма мұң мінгесуде,
Тәңірім-ау, есірке бір:
Тақуа боп күн кешуге
Тати ма екен осы ит өмір?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жүрсін ерман Ертеректеу ержетіппін өлеңдері өлеңдер жинағы өлең олен журсин ерман стихи на казахском, жүрсін ерман өлеңдері, жүрсін ерманов өлеңдері, жүрсін ерманның өлеңдер жинағы, жүрсін ерманның өлеңі, журсин ерман стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]