Қазақша өлең: Жүрсін Ерман (Ырғай жыры + видео)

Қазақша өлең: Жүрсін Ерман (Ырғай жыры + видео)

Ырғай, ырғай, ырғайлы,
Ырғай мойнын ырғайды.
Ғұмырыңды қысқартып
Уақытың зырлайды.

Ызыңына пенденің
Мойнын бір сәт бұрмайды.
Ырзығыңды берген боп
Қызығыңды ұрлайды.

Ырғай, ырғай, ырғайлы,
Ырғай мойнын ырғайды.
Баяны жоқ бұл дәурен
Басыңда көп тұрмайды.

Өкінішің өзеуреп
Өзегіңді тырнайды.
Көздің жасы кептеліп
Көмейіңде құрғайды.

Ырғай, ырғай, ырғайлы,
Ырғай мойнын ырғайды.
Ырылдасып қайтеміз
Сенде де бар бір қайғы,
Менде де бар бір қайғы.
Ырғай, ырғай, ырғайлы...
Ырғай мойнын ырғайды...

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жүрсін ерман Ырғай жыры өлеңдері өлеңдер жинағы өлең олен журсин ерман стихи на казахском, жүрсін ерман өлеңдері, жүрсін ерманов өлеңдері, жүрсін ерманның өлеңдер жинағы, жүрсін ерманның өлеңі, журсин ерман стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]