Қазақша өлең: Жүрсін Ерман (Нәпсі деген кеселдің)

Қазақша өлең: Жүрсін Ерман (Нәпсі деген кеселдің)

Нәпсі деген кеселдің
Кесірінен неше өлдім.
Терім қалыңдаған соң
Терлемеуге төселдім.

Сөз сөйлесем жобалы
Ол өзімді табады.
Айтылмаса ақиқат
Кімге қалар обалы?

Қарап жүріп күйінем,
Жұдырықтай түйілем.
Жапырылам қоғадай,
Адырнадай иілем.

Түсіп кетсем топқа кіл
Алтын басым – қақпақыл.
Өзгермейді болмысым,
Осы менде жоқ па ақыл?

Көңілімнің жыртығын
Кеңейтеді түртіп ұл.
Дүрдигенмен сырты құр
Тақымында жүр тұғыр.

Жұртқа кінә тақпаймын,
өзіме-өзім жақпаймын.
Шырылдаған жанымды
Қай сандықта сақтаймын?!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жүрсін ерман Нәпсі деген кеселдің өлеңдері өлеңдер жинағы өлең олен журсин ерман стихи на казахском, жүрсін ерман өлеңдері, жүрсін ерманов өлеңдері, жүрсін ерманның өлеңдер жинағы, жүрсін ерманның өлеңі, журсин ерман стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]