Қазақша өлең: Жүрсін Ерман (Күзгі жыр)

Қазақша өлең: Жүрсін Ерман (Күзгі жыр)

Жоғал әрі санамнан сары уайым,
Қыркүйегім, келдің бе, шаруа айым.
Қырдың қызыл дүзгенін бір иіскемей
Мейіріміне даламның жарымайым.

Жауа берсін ақ жауын себелеген,
Тауып алам бір қуыс шөмеледен.
Шайырлардың көзіне бір шалынбай,
Ши басынан тамшылап өледі өлең.

Қытықтаса желкемді тынысымен
Көк бестінің көремін мұнысын ем.
Саз-саз қылып шетелдік қалпағымды
Толтырамын көсікке құм ішінен.

Шуылынан мезгілдің мезімін бе –
Сабандалып қалғандай сезімім де.
Бір тал изен қыбырсыз салбырап тұр
Көкбестінің қап-қара езуінде!

Күн ашылды.
Бауырлап бу ұшуда,
Қара жидек езілді уысымда.
Бәтіңкемді жалатып маң төбетке
Маужыраймын маяның қуысында.

Тауан тауып таусылған тағатыма
Қарамаймын жаутаңдап сағатыма.
Күздің исі аңқыған күйлі жырды
Оқып берем көнтерлі көк атыма!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жүрсін ерман Күзгі жыр өлеңдері өлеңдер жинағы өлең олен журсин ерман стихи на казахском, жүрсін ерман өлеңдері, жүрсін ерманов өлеңдері, жүрсін ерманның өлеңдер жинағы, жүрсін ерманның өлеңі, журсин ерман стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]