Қазақша өлең: Жүрсін Ерман (Терісаққан)

Қазақша өлең: Жүрсін Ерман (Терісаққан)

Сағымымен даланың жарыса аққан
Жақсылықтың алдынан желі соққан,
Кейінгі елге жылы сөз жеткізбекке
Хабаршыдай қуанып кері шапқан

Арқада бір өзен бар – Терісаққан.
Келісесің, болмаса керісесің,
Айтпағымыз әйтеуір кері шешім:
Терісаққан дейді жұрт бекер сені –

Саған жаңсақ таққан бұл теріс есім!
Жеткілікті болса да зейін-дарын,
Біз аңғарып жүреміз кейін бәрін:
Шөліркеген даланы шыр айналып

Теріс аққан шығарсың, мейірбаным?!
Аптабынан шілденің, Сартамыздың
Кепкен кезде аңқасы арқамыздың, –
Кейін қарай бұрылып кеттің бе екен,

Келді ме екен далаға нәр тамызғың?!
Қазағымның қақ жарып кең даласын
«Терісаққан» атанып енді ағасың.

Бәлкім, барлық өзендер теріс ағып,
Оң ағатын жалғыз-ақ сен ғанасың?!
Бәлкім, барлық өзеннен сен данасың...
Бәлкім емес, менің еш жоқ күмәнім,

Сейілтейін күдіктің көк тұманын:
Терісаққан дегенде,
Терістердің
Бәрі сендей болса ғой деп тұрамын!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жүрсін ерман Терісаққан өлеңдері өлеңдер жинағы өлең олен журсин ерман стихи на казахском, жүрсін ерман өлеңдері, жүрсін ерманов өлеңдері, жүрсін ерманның өлеңдер жинағы, жүрсін ерманның өлеңі, журсин ерман стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]