Қазақша өлең: Сағат

Қазақша өлең: Сағат

Сені ойладым...Сағатым жеті жарым...
Арман құсым алмадай беті жалын.
Қай жерде отыр екенсің періштем сен,
Ақ шуаққа бөленіп екі жағың...

Сені ойладым сегізге бес қалғанда...
Кешегі арман жаным-ау ескі арман ба?
Қияндағы жақтардан бір-ақ шығам,
Қиялдағы суреттер есті алғанда...

Сені ойладым тоғыздан бір кеткенде...
Жаным мені жетелеп жүр көктемге.
Үнсіз ғана жүре бер күлімкөзім
Үмітімнің шоқтарын үрлеп бер де...

Сені ойладым сағатым он болғанда,
Уақыт баяу басыңа сор қонғанда!
Өр бейнеңді өтінем өзгертші енді,
Сол кеудеңді бір сәтке сол қолға ал да..

Сені ойладым он бірден беске дейін,
Ойлай бердім алтыда,кеште кейін...
Сен деп соққан жүрегім сағат сынды-
Бұдан басқа тағдырға не істе дейін?

Сені ойладым түнімен..Сол ырысым,
Сол бақытым!Сезеді-ау оны да ішің!
Жаратқанға ризамын жарығым мен,
Сені ойлаумен өтетін өмір үшін...

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
уақыт туралы өлеңдер, сағат туралы өлең, сагат туралы олен олендер, сағат туралы өлеңдер өлең стихи на казахском, стихи на казахском часы time

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]