Қазақша өлең: Әбубәкір Қайран (Ағын)

Қазақша өлең: Әбубәкір Қайран (Ағын)

Ағын. Ағын.
Өмірдің бәрі де ағын.
Осы ағындар қалдырар жазып әнін.
Осы ағындар от өзен секілденіп,
Ошағыңның орайды жалындарын.
Осы ағындар озған ат, жеңген ердің
Мәңгі қорғап қалады ар-ұжданын.

Ағын. Ағын.
Ақынның жаны да ағын.
Қара сөзбен қалдырар қазына мың.
Ағын емей немене ағылған тіл
Уын сыртқа шығарар бар ызаның.
Ағандардың ішінде ақ бас толқын
Ақындардың ішінде табынарым.
Ағындардың ішінде ақкөйлек қыз
Арулардың ішінде табынарым
Ағындарды аралап бара жатыр
Өз жүрегім, өзімнің арым – жаным.
Арын керек ағынның барлығына,
Ей, бұлттар арқанды сабындағын,
Нөсеріңнің төккейсің бәрін-бәрін.

Ағын. Ағын.
Даланың өзі де ағын.
Дала сырын өзгеден көп ұғамын.
Торы ат мініп толқын боп келе жатсам,
Ақ ат мінген ағынға жолығамын.
Ағыстардан алыстап кеткен жандар
Жарыстарда азбайды соры қалың.
Соны ұғамын, әйтеуір,
Сондықтан да
Ағындарға ағын боп жолығамын.
Жолықпасам,
Қартайған қас қырандай
Заулап келіп заңғарға соғыламын.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
абубакир кайран Ағын Әбубәкір Қайран өлең олен стихи на казахском, Әбубәкір Қайран өлең, олен стихи на казахском Әбубәкір Қайран өлең өлеңдер, абубакир кайран олен өлең стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]