Қазақша өлең: Шәңгерей Бөкеев (Қатшекейге)

Қазақша өлең: Шәңгерей Бөкеев (Қатшекейге)

Басымда жанат бөрік жекей тері,
Қоймаған елде сұлу мен бір сері.
Жұмақтың нақ төріндей көрінеді,
Қташекей жолығармын деген жері.

Көрдің бе Қатшекейдің асылығын,
Жалтақтап еткен ісін жасыруын.
Ау жаным, сүйемісің, сүймеймісің?
Сүймесең жоқ-ты саған бас ұруым.

Басында қызыл шарқат, ақтан көйлек,
Әп-әпсет сенің, қалқам, басылуың.
Қарайсың көзің сүзіп, мойның бұрып,
Білмеймін не қылғанда қосылуым.

Қатшекей көп баладан асыл екен,
Аршын төс, алма мойын, асыл еркем.
Алманың қабығындай бетің қызыл,
Құбылған бәйшешектей жүзің көркем.

Алты айда ақ жүзіңді бір көрмедім,
Шаруа қолым тимей жұмысыммен.
Тартқанда таразыға сені алармын,
Алтынды не қылайын күмісімен.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шәңгерей бөкеев Қатшекейге өлең шангерей бокеев акын олен стихи на казахском, шәңгерей сейіткерейұлы бөкеев өлеңдері, шангерей акын олендери, шангерей ақын олендери

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]