Қазақша өлең: Шәңгерей Бөкеев (Бұл дүние панилығын етеді екен)
Бұл дүние панилығын етеді екен,
Бір дәурен өтіп, бірі жетеді екен.
Жұрт болар бір күндегі жоқ адамдар,
Ескілер бірден бірге кетеді екен.
Өзіне халық аузын қаратқан ер,
Тіріге өлсе қадірі кетеді екен.
Өлгенді қадір етсек, қанға рауа,
Рухын құрмет қылсақ нетеді екен!
Қанға еріп адам болған туғандары
Жылында барып дұға ете ме екен?
Шайтанға шаршап тұрған ат бергенің -
«Тамұққа жақынымды жақ!» дегенің.
Жыланды жолда жатқан соқпай кетсен -
Тап болған бір ғаріпті шақ дегенің.
Кең сарай сахара да өтті күнім,
Тас болат, тар қапада шықпайды үнім.
Жалғыздық жанға батса, шер тарқатқан
Қобыздай күңіренген қайран тілім!
Бір дәурен өтіп, бірі жетеді екен.
Жұрт болар бір күндегі жоқ адамдар,
Ескілер бірден бірге кетеді екен.
Өзіне халық аузын қаратқан ер,
Тіріге өлсе қадірі кетеді екен.
Өлгенді қадір етсек, қанға рауа,
Рухын құрмет қылсақ нетеді екен!
Қанға еріп адам болған туғандары
Жылында барып дұға ете ме екен?
Шайтанға шаршап тұрған ат бергенің -
«Тамұққа жақынымды жақ!» дегенің.
Жыланды жолда жатқан соқпай кетсен -
Тап болған бір ғаріпті шақ дегенің.
Кең сарай сахара да өтті күнім,
Тас болат, тар қапада шықпайды үнім.
Жалғыздық жанға батса, шер тарқатқан
Қобыздай күңіренген қайран тілім!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің)
» Қазақша өлең: Доспамбет Жырау (Азау, Азау дегенің)
» Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Әйелден ақын шықпайды)
» Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Ойлар)
» Қазақша өлең: Шәңгерей Бөкеев («Алла яр» жаздым, аға, Көлборсыдан)
» Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің)
» Қазақша өлең: Доспамбет Жырау (Азау, Азау дегенің)
» Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Әйелден ақын шықпайды)
» Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Ойлар)
» Қазақша өлең: Шәңгерей Бөкеев («Алла яр» жаздым, аға, Көлборсыдан)
Іздеп көріңіз: