Қазақша өлең: Шәңгерей Бөкеев (Жылдарда жыл болады бағызы-бағызы)
Жылдарда жыл болады бағызы-бағызы,
Келеді наурызда елдің жазы.
Алабын Көлборсының сулар алса,
Сыңқылдап қонар көлдің үйрек, қазы.
Ойнақы мініп атқа, ал қаршыға,
Зер қарғы сылаңдасып ерсін тазы.
Көлдерге ат ойнатып, тарлан ұшыр,
Жігіттің жігер туған бұл шандозы.
Жастықта жігіт адам жігер болса,
Қайт болмас қалқасына еткен назы.
Құлаққа киген сырға есітілсін,
Құс салып кешкі соққан дауылпазы.
«Кешегі қалқам-ау» деп мойын толғап,
Ісіне қалқасының болсын разы.
Борсыда жалғыз жатып ән саламын,
Сіздерге ұнай ма екен әнім сазы?
Адамнан артық ажар, ақыл, айлаң,
Ажары ақ бетіңнің асқан айдан.
Адасқан арық қудай болдым асық,
Айдындай ақ төсіңе, асыл айнам!
Келеді наурызда елдің жазы.
Алабын Көлборсының сулар алса,
Сыңқылдап қонар көлдің үйрек, қазы.
Ойнақы мініп атқа, ал қаршыға,
Зер қарғы сылаңдасып ерсін тазы.
Көлдерге ат ойнатып, тарлан ұшыр,
Жігіттің жігер туған бұл шандозы.
Жастықта жігіт адам жігер болса,
Қайт болмас қалқасына еткен назы.
Құлаққа киген сырға есітілсін,
Құс салып кешкі соққан дауылпазы.
«Кешегі қалқам-ау» деп мойын толғап,
Ісіне қалқасының болсын разы.
Борсыда жалғыз жатып ән саламын,
Сіздерге ұнай ма екен әнім сазы?
Адамнан артық ажар, ақыл, айлаң,
Ажары ақ бетіңнің асқан айдан.
Адасқан арық қудай болдым асық,
Айдындай ақ төсіңе, асыл айнам!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Шәңгерей Бөкеев (Ағасың, ақылың артық асқармен тең)
» Қазақша өлең: Шәңгерей Бөкеев (Жігіттің болса алған жақсы жары)
» Қазақша өлең: Шәңгерей Бөкеев (Қатшекейге)
» Қазақша өлең: Шәңгерей Бөкеев (Қияға мен бір қыран көз жіберген)
» Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Жүйрік ат, көңіл ашар қыран, тазы)

Іздеп көріңіз: