Қазақша өлең: Шәңгерей Бөкеев (Бір күнде, жас көңілім, судай тастың)

Қазақша өлең: Шәңгерей Бөкеев (Бір күнде, жас көңілім, судай тастың)

Бір күнде, жас көңілім, судай тастың,
Тасқындап кемеріңнен шалқып астың,
Төрт бұрышын дүниенің көрмей болжап,
Қиялмен көк қақпасын барып аштың.
Сидырып асқар тауды уысыңа,
Жүзіне алмас қылыш табан бастың.
Күркіреп қара бұлт жасын атса,
Отына жетіп барып құшақтастың.
Мұхитта нән балықтай кезген көңілім,
Тұмсығың тимей тасқа неге алжастың?
Шұлғанып жүн - жабағы, қыл - қыбырғы,
Бұрынғы өз жолыннан неге адастың?
Ай, көңілім, сен өтпей - ақ қорлық табар,
Қара жер қойнын ашса, ғазиз басым!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шәңгерей бөкеев Бір күнде жас көңілім судай тастың өлең шангерей бокеев акын олен стихи на казахском, шәңгерей сейіткерейұлы бөкеев өлеңдері, шангерей акын олендери, шангерей ақын олендери

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]