Қазақша өлең: Шәңгерей Бөкеев (Ол күндерді тапсырдым)
Ол күндерді тапсырдым
Жасаған өзің бір Алла!
Пайғамбар жасы жақындап,
Келе жатыр осы ара.
Алалы сақа атысқан,
Жалаң аяқ құм басқан,
Тал шыбыққа таласқан,
Бір күні едім мен бала.
Бала болған сол жерлерім,
Анау тұрған адыра,
Адыра бір қалған Нарында.
«Адыра» дедім Нарынды:
Құсы ұшып көлінен,
Құты кетіп жерінен,
Саба құрсақ билерден,
Еңіреген ерлерден
Айырылып адыра қалғанға.
Бура санды, ақ таңды,
Түсі алтындай ақ сары.
Ауызға біткен қос тістің
Меруерттей ажары.
Қаусырмалап қақтаған,
Шытақтай жұқа құлағы.
Қияқтан барып ін алған,
Екі аяқпен серіпкенде,
Желі бойы жер алған,
Топыраққа басса табаны,
Шайықтардың ершатқа
Басатұғын мөріндей,
Сопақша сұлу із салған.
Мойыл көзді, тоқ жүзді
Мақтау сөзбен айтпастай,
Айтудан артық жаралған.
Көзіңдей сенің көз бітсе,
Оң жақтағы аруға
Он беске жасы қараған,
Қалы кілем, қара нар,
Бес жиырма болсын садағаң.
Қарқарадай шаншылған
Төбеңе біткен қос құлақ
Шаншылған зат, шаншылса,
Шаншылар осындай- ақ!
Бәйшешек түбін қолға алып,
Тілерсек басып тік тұрып,
Қарсы тұрып найзаса,
Бет біткеннен сұлуырақ.
Қияқты төмпе түбінен
Таң алдында ін қазған,
Құйрықты туған жұлдыздай,
Шығарып жерден жас топырақ.
Зерден өрген шашбаудай,
Болар -болмас төрт қырлап.
Құйрығы ұзын, ұшы ақ,
Сансыз буын тастаған
Масақы келген ақ шашақ.
Айтулы сонау Нарында,
Нарынның қызыл құмында
Бар еді бір сондай жануар,
Аты оның - қосаяқ.
Сол қосаяқты қуалап,
Тал шыбықты шудалап,
Қарынды үрген домалап,
Бәйшешек бетті бала едім;
Сол күнімді ойласам,
Көз алдымда тұрады
Кешегі өткен күндей- ақ.
Сол айтылған Нарында,
Нарынның қызыл құмында
Ай белгілі ақ мешіт,
Алпыс бөлме, жүз есік
Салынған екен көк орда.
Сол көк орданың ішінде
Ләззәт тауып бір бірімен
Зауықтасқан ата - ана.
Ата - ананың зауқынан
Қой жылы тамыз ішінде
Шығып ана қарынына,
Мүлкі болдым паң дүние.
Жолаушыдай шөл қаққан
Сөйлес еттім жиһанға.
Жиһан айтты: «Қош келдің!
Өлшеулі дәм біткенше,
Рызық бізден мейманға».
Жасаған өзің бір Алла!
Пайғамбар жасы жақындап,
Келе жатыр осы ара.
Алалы сақа атысқан,
Жалаң аяқ құм басқан,
Тал шыбыққа таласқан,
Бір күні едім мен бала.
Бала болған сол жерлерім,
Анау тұрған адыра,
Адыра бір қалған Нарында.
«Адыра» дедім Нарынды:
Құсы ұшып көлінен,
Құты кетіп жерінен,
Саба құрсақ билерден,
Еңіреген ерлерден
Айырылып адыра қалғанға.
Бура санды, ақ таңды,
Түсі алтындай ақ сары.
Ауызға біткен қос тістің
Меруерттей ажары.
Қаусырмалап қақтаған,
Шытақтай жұқа құлағы.
Қияқтан барып ін алған,
Екі аяқпен серіпкенде,
Желі бойы жер алған,
Топыраққа басса табаны,
Шайықтардың ершатқа
Басатұғын мөріндей,
Сопақша сұлу із салған.
Мойыл көзді, тоқ жүзді
Мақтау сөзбен айтпастай,
Айтудан артық жаралған.
Көзіңдей сенің көз бітсе,
Оң жақтағы аруға
Он беске жасы қараған,
Қалы кілем, қара нар,
Бес жиырма болсын садағаң.
Қарқарадай шаншылған
Төбеңе біткен қос құлақ
Шаншылған зат, шаншылса,
Шаншылар осындай- ақ!
Бәйшешек түбін қолға алып,
Тілерсек басып тік тұрып,
Қарсы тұрып найзаса,
Бет біткеннен сұлуырақ.
Қияқты төмпе түбінен
Таң алдында ін қазған,
Құйрықты туған жұлдыздай,
Шығарып жерден жас топырақ.
Зерден өрген шашбаудай,
Болар -болмас төрт қырлап.
Құйрығы ұзын, ұшы ақ,
Сансыз буын тастаған
Масақы келген ақ шашақ.
Айтулы сонау Нарында,
Нарынның қызыл құмында
Бар еді бір сондай жануар,
Аты оның - қосаяқ.
Сол қосаяқты қуалап,
Тал шыбықты шудалап,
Қарынды үрген домалап,
Бәйшешек бетті бала едім;
Сол күнімді ойласам,
Көз алдымда тұрады
Кешегі өткен күндей- ақ.
Сол айтылған Нарында,
Нарынның қызыл құмында
Ай белгілі ақ мешіт,
Алпыс бөлме, жүз есік
Салынған екен көк орда.
Сол көк орданың ішінде
Ләззәт тауып бір бірімен
Зауықтасқан ата - ана.
Ата - ананың зауқынан
Қой жылы тамыз ішінде
Шығып ана қарынына,
Мүлкі болдым паң дүние.
Жолаушыдай шөл қаққан
Сөйлес еттім жиһанға.
Жиһан айтты: «Қош келдің!
Өлшеулі дәм біткенше,
Рызық бізден мейманға».
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: