Қазақша өлең: Шәңгерей Бөкеев (Ғасаңды Кәлимолла, маған берсең)

Қазақша өлең: Шәңгерей Бөкеев (Ғасаңды Кәлимолла, маған берсең)

Ғасаңды Кәлимолла, маған берсең,
Жүзігін Сүлейменнің қолға кисем.
Жасымды жмырмадағы қатар қойып,
«Ал таңдап» десе мұның қайсын сүйсең?

Таянып Торға шықпақ таяқ алып,
Не қажет Ніл суына өткел салып?
Тіліне құрт-құмырсқа мұқтажым жоқ,
Жүзігін Сүлейменнің жұтсын балық.

Ғаламға он сегіз мың патша болсам,
Алтыннан асқар таудай тақыт құрсам.
Көлінен Нұрлықаят сулар ішіп,
Дүниеде болса өмірім неше мың сан.

Жәннеттен періштелер жерге еніп,
Кәусер ап пердеуіштен ішіп тұрсам,
Мәрмәрдан Бағирамға бина салып,
Қор қызын жәннетегі құшып тұрсам.

Шайқұлислам зор ғұлама ишандардан
Аударып хақ каләмін саул сұрасам.
Перғауын дажал, дәулер болса әлеп
Қаһармен қарсы тұрып қол ұсынам.

Қап тауға мәлеиктей ұшып қонсам,
Мұхитқа нән балықтай құлаш ұрсам -
Солардың бәрін тастап сені алар ем,
Бір өзің ен Нарында есен тұрсаң.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шәңгерей бөкеев Ғасаңды Кәлимолла маған берсең өлең шангерей бокеев акын олен стихи на казахском, шәңгерей сейіткерейұлы бөкеев өлеңдері, шангерей акын олендери, шангерей ақын олендери

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]