Қазақша өлең: Шәңгерей Бөкеев (Эдисон)

Қазақша өлең: Шәңгерей Бөкеев (Эдисон)

Сөйлеткен жансыз затты өнер иесі,
Есітіп таң қалады көрген кісі.
Білмейді қалай етіп түсінерін,
Айтпаса түсіндіріп білген кісі.
Істерлі, Қазанда оқып, Бұхар барып,
Айтар ма ғалым болып келген кісі?
Сұрасақ бұ не іс? - деп сол ғалымнан,
«Шайтани» - мұны дейді «кәпір ісі».
Тәртіпсіз жоқ-бар затты көп оқумен
Ғылымның ғасыл болмас қуат, күші.
Бұл ғылым - бір бәйтерек шектен асқан,
Шұлғанған бұтағына ғарсы - күрсі.
Бар ғалам он сегіз мың саясында,
Таусылмас бұтақ сайын бар жемісі.
Шайтани бұл өнерді қалай дейміз,
Әр өнер - сол жемістің бірдемесі.
Эдисон мұны істеген - ғалым адам,
Оқымас, жалқау біздей емес надан.
Пәндерден кимие-симие ғылыми хикмет
Көп сырлар ашты түпсіз дариядан .
Періштеміз оң жақтағы өсер еді,
Солардай болып өтсек дүниядан.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шәңгерей бөкеев Эдисон өлең шангерей бокеев акын олен стихи на казахском, шәңгерей сейіткерейұлы бөкеев өлеңдері, шангерей акын олендери, шангерей ақын олендери

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]