Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Нұр-жауынның толастамай легі...)
Нұр-жауынның толастамай легі,
Шу қалада қандай қызық адасу!
Қараңғыда жарық төгер реңі
Қандай қызық телефонмен жарасу!
Жолыққандай қыс ішінен бір көктем,
Қараңғыда қағаз бенен қаламсыз,
Қандай қызық телефонға сыр төккен
Ағыл-тегіл, алаңсыз...
Аспан түстес алақандай тақтаға
Әппақ жолдар тізіледі табанда.
Рақмет, жыр жазуға шақ қана
Телефонды ойлап тапқан адамға!
Құлан-таза жазылғандай қотырдан,
Оған бақыт әкелгендей бұл ай сәл.
Телефонға өлең жазып отырған
Біреу көрсең, хал-жағдайын сұрай сал...
Шу қалада қандай қызық адасу!
Қараңғыда жарық төгер реңі
Қандай қызық телефонмен жарасу!
Жолыққандай қыс ішінен бір көктем,
Қараңғыда қағаз бенен қаламсыз,
Қандай қызық телефонға сыр төккен
Ағыл-тегіл, алаңсыз...
Аспан түстес алақандай тақтаға
Әппақ жолдар тізіледі табанда.
Рақмет, жыр жазуға шақ қана
Телефонды ойлап тапқан адамға!
Құлан-таза жазылғандай қотырдан,
Оған бақыт әкелгендей бұл ай сәл.
Телефонға өлең жазып отырған
Біреу көрсең, хал-жағдайын сұрай сал...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Табылмаса, табылмасын керегім)
» Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Өкінді гүлім, өкінді....)
» Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Қызық қандай адамды қыздыратын)
» Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Бақыт...)
» Өлең: Қадыр Мырза Али (Өмірдің өзі қызық-ақ)

Іздеп көріңіз: