Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Асылдан қалған сарқындай...)

Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Асылдан қалған сарқындай...)

Асылдан қалған сарқындай,
Құмар боп қара құлыпқа,
Батпаққа тамған алтындай
Күн батып кетті бұлтқа.

Көруден жерді қажалған
Көздерін жұмып, жұбанып.
Қалыңнан қашып сазы алуан,
Қайтадан жатыр құралып...

Демалыс алды күн бүгін
Айласын елден асырып.
Айтылмай кетер шындығын
Алысқа жатыр жасырып...

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
гүлнар салықбай Асылдан қалған сарқындай өлең олен гульнар салыкбай салыкбаева стихи на казахском, гүлнар салықбай өлеңдері, гүлнар салықбай шығармашылығы, гульнар салыкбай гульнар салыкбаева стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]